Смарт Актау®
Активные развлечения Доставка еды Доставка продуктов и воды Медицинские учреждения Отдых на природе (Camping) Пляжи и базы отдыха Актау Рестораны, кафе, бары Фитнес Заметки модераторов Где сдать ПЦР в Актау Где сдать КТ в Актау Контакты мобильных бригад Кислородные концентраторы и подушки Наличие вакцин в Актау График заболевших Постановления и ограничения Общественный Контроль Частые вопросы о Covid Казахстан на олимпиаде 2022 Озеленение Актау Хронология протеста Цены на продукты в Актау Цена на недвижимость Актау Качество воздуха Актау Поиск лекарств в Актау Все врачи Актау Фабрика ботов День рождения в Актау Электронные карты EasyCard Список юр лиц Мангистау НПА Мангистау Наши обновления О чем этот сайт Наши контакты
Covid-19 туралы сұрақтар
Covid-19 туралы сұрақтар
Қарапайым және түсінікті тілде (на русском)
Қарапайым және түсінікті тілде (на русском)
Тексерулер 1 қыркүйектен басталады (бірден екі компонентіне), бірақ тексеру жүргізу алгоритмі әзірге жоқ (11 тамыздағы жағдай) (ақпарат көзі). Ресми түрде вакцина алу ерікті болып саналады, бірақ прокуратураның «Атамекенге» берген жауабына сәйкес еліміздің аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы профилактикалық екпелер алуға міндетті. Коронавирустық инфекция екпе алу міндеттелетін аурулар тізбесіне енгізілген. Ақпарат көзі. Маңғыстау облысында мына вакциналар қолжетімді: Спутник V (Ресей) - «векторлық» деп аталады, бұл оның құрамында басқа аденовирус (вектор) бар дегенді білдіреді, ол көбеймейді және «курьер» ретінде біздің клеткаларымызға керек материалды жеткізу үшін қолданылады.
КоронаВак (Қытай) - алдын ала химиялық реагенттер, жылу және радиация көмегімен жойылған вирусы бар белсенді емес вакцина.
КазВак/QazVac (Қазақстан) - белсенді емес вакцина, Коронавакты қараңыз. Әзірше басқа елдерде танылмаған. Толығырақ. Ақпарат көзі.
Sinopharm (Қытай) - белсенді емес вакцина, Коронавакты қараңыз. Ақпарат көзі.
Ақтау қаласындағы медициналық мекемелердің кестесін қараңыз - сілтеме. Иммунитет бірінші дозадан кейін қалыптасады, бірақ ол тұрақсыз және қысқа мерзімді, екі-үш айға ғана жетеді. Нәтижені бекіту және иммунитетті нығайту үшін екінші компонентті алу қажет. Ауырғаннан кейінгі дененің қорғаныс күші (әсері), күткендегідей көп қалыптаспайды. Оның нақты мерзімдері туралы ғалымдар бүгінгі күнге дейін бір пікірге тоқтай алмай отыр, орта есеппен алғанда, 3 айдан кейін вакцина алуға болады деп есептеледі. Вакцина алудың қорғаныс әсері туралы айтқанда, адамдар ауру мен жұқтыруды шатастырады. Ешбір вакцина ауруды жұқтырудан, яғни вирустың сезімтал тіндерге және оның клеткаларына енуінен қорғай алмайды. Екпе алу адамда вирустардан қорғайтын өрістерді тудырмайды, алайда вакцина алған және алмаған адамдар әр түрлі ауыруы мүмкін. Маңғыстау облысында жансақтау бөліміндегі адамдардың 99%-ы вакцина алмағандар. Құйтырқы сұрақ. Екпе алған кезде вирус келесі адамға жұқпайды, бірақ екпеден кейін жұғуы мүмкін. Мынаны ескеру қажет: ешқандай екпе аурудан 100 % қорғамайды. Екпе аурудың өту барысын жеңілдетеді және келеңсіз салдарын төмендетеді. Халықтың басым бөлігі ауырып, иммунитеттері қалыптасқанда немесе вакцина алғанда ұжымдық иммунитет пайда болады. Қазақстан билігі ұжымдық иммунитет туралы айту үшін халықтың 70%-ының қорғанысқа ие болуын күтуде (сілтеме). Соңғы қабылданған қаулылар мен шектеулердің сілтемелерін ұсынамыз:
30.07.2021 ж. қаулы.
24.07.2021 ж. қаулы.
17.07.2021 ж. қаулы.
❗❗❗ Бұл бетті бөлісіңіз ❗❗❗
* Жоғарыда келтірілген барлық жауаптар - бұл ашық көздерден алынған ақпаратты түсіндіру. Біз бұл ақпаратқа негізделген ешкімді қандай да бір әрекет жасауға немесе шешім қабылдауға шақырмаймыз. Сіздің әрекеттеріңізге барлық жауапкершілік сізде - ақпаратты ресми көздерден екі рет тексеруді ұмытпаңыз.
Ақтау егу пункттері Вакцинациямен клиникалық карта Барлық емханалардың анықтамалығы Ковид жағдайының диаграммасы Интернеттен дәрі-дәрмек іздеңіз